Біз туралы
Задать вопрос
Написать нам
Оставить отзыв
Подать заявку
Записаться на прием
«Гиппократ» МФ – бұл көпсалалы медициналық орталық, оның құрамында:
- емхана;
- аурухана;
- балалар консультативтік-диагностикалық орталығы;
- диагностикалық орталық;
- тіс емханасы;
- тәулік бойлық жедел жәрдем бар.
«Гипократта» біз тұрғын халықты халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге тырысамыз.
Сіз өздеріңіз қызықтыратын кез келген сұрақтарды біздің Call-орталығының 8(7212) 92-20-02 телефоны бойынша қоя аласыз.
Пациентті қолдау және ішкі бақылау Қызметі жұміс істейді, 8(7212) 92-26-72 телефоны бойынша байланысуға болады.
Біздің миссия:
Тұрғын халықты қызметкерлердің кәсібилігі мен зияткерлік әлеуеті және инновациялық технологиялардың тіркесімінің негізінде, пациенттерге ыңғайлы жағдайлардағы қолжетімді және қауіпсіз медициналық жәрдемді жақсартуға бағытталған, халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы медициналық жәрдеммен қамтамасыз ету.
Көру:
Азаматтардың денсаулығын жақсартуға, аурулардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, жоғары кәсіби медициналық жәрдем көрсетудің тиімді жүйесін құру.
Құндылықтар:
- Сенім және өзара түсіністік.
Пациент пен оның дәрігерінің арасындағы сенім мен өзара түсіністік, жоғары моральдық және біздің пациенттердің жеке басын сыйлау біздің басты мақсатымыз болып табылады.
- Жоғары сапа.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапасы ағымдағы жұмыстың негізгі талабы болып табылады. Паценттер оңтайлы медициналық жәрдем алып, көрсетілген қызметтің сапасына риза болуы қажет.
- Жаңашылдық.
Біздің жұмыста біз жаңа шешімдерді, емдеу тәсілдерін және диагностиканы үнемі іздестіреміз, бұл көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен нәтижесін арттырады.
- Жауапкершілік.
Біз өз жұмысымыз үшін өз жүрегімізде жауап береміз.
- Тыңдай білу.
Тыңдай білу сияқты қасиетті пациенттердің игілігіне пайдаланамыз. Өйткені дәрігер мен пациенттің арасындағы байланыс пен түсіністік дәрігер ең алдымен, сенімсіз диагноз қоюға асықпай, пациентті байыпты тыңдағанда пайда болады.
- Өз ісін білу.
Біз тек қана өз ісімізді білмей, әрбір пациентке өз ауруларының себептерін білуге, ол сияқты әрбір адамға қолайлы сауықтыру мен емдеу тәсілдерін таңдап алуға көмектесеміз.
- Атқарушылық.
Кез келген жұмыстың сапасы мен орындау мерзімі күйге келтірілген көп сатылы сапа бақылауы жүйесімен басқарылады.
- Позитивті ойлау.
Бұл құндылық әрекет етуге және жұмыс сапасында ең жақсы нәтижелерге жетуге ынталандырады. Ол адамды кідіріс, немқұрайлылық және жалқаулық тәрізді әдеттерден арылтады. Біздің мақсат – бізге көмек сұрап келген барлық адамдарға жәрдемдесу.
- Өзін-өзі жетілдіру.
Біз үнемі мамандандырудан өтеміз, үнемі өз біліктілігімізді жоғарылатамыз, әртүрлі семинарлар мен конференцияларға қатысамыз.
- Писхологиялық жайлылық.
Біздің клиниканың сәтті жұмысының негізгі құрамдастарының бірі біздің ішкі қарым-қатынастар мен психологиялық жайлылық болып табылады.
- Қолжетімділік.
Біздің клиникадағы толыққанды қазіргі заманғы диагностика мен емделу қаржылық деңгейі әр түрлі тұрғын халықтың кең қабаттарына қолжетімді болып табылады.
- Сыйластық және әлеуметтік бағыт.
Бізде пациенттеріміздің жеңілдік санаттарына жеңілдіктер беріледі.
Әкімшілік құрылымы:
Бас директор Хохлова Надежда Юрьевна | Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(7212) 92-26-59 (ішкі 706) |
Пациентті қолдау мен ішкі бақылау қызметі: Айтжанова Анбия Жумажановна - бас директордың Пациентті қолдау және ішкі бақылау Қызметі бойынша орынбасары | 8(7212) 92-26-72
|
Валеева Венера Зиннуровна – коммерциялық директор | 8(7212) 92-20-02
|
Королькова Наталья Леонидовна – | 8(7212) 92-20-02
|
Руденко Вячеслав Петрович – стоматология бөлімшесінің меңгерушісі | 8(7212) 92-26-78
|
Баймуханова Галина Евгеньевна – психолог-логопедиялық қызметінің директоры | 8(7212) 92-22-33
|
Баймуханов Ренад Маратович – неврологиялық қызмет бойынша бас маманы | 8(7212) 92 26 70 (ішкі 734)
|
Мазурчак Олег Михайлович - сәулелік диагностика бойынша бас маманы | 8(7212) 92 26 67 (ішкі 743)
|
Карпова Лилия Викторовна - акушер-гинекология қызметі бойынша бас маманы | 8(7212) 92-20-02
|