Өмірге «LIFE IN» бірге
Сұрақ қою
Бізге жазу
Пікір қалдыру
Тапсырыс беру
Қабылдауға жазылу
«LIFE IN» оңалту-сауықтыру орталығы – бұл өзінде сауықтыру қызметтері мен оңалту бағдарламаларын біріктіретін Қарағандыдағы бірінші орталық. Ең қазіргі заманғы жабдықтар, клиентке бағытталуы және өз ісіне кәсіби карау «LIFE IN» басты артықшылықтары болып табылады.
«LIFE IN» орталығы 07 қыркүйекте ашылды, содан бері қонақтарына емделу мен демалудың үздік орны ретінде танымал болды. ОСО бас дәрігері Ольга Сергеевна Королькова клиент риза болып, тағы да қайтып келгісі келу үшін орталықта барлығы жасалатынын атап өтті.
«Біздің клиенттер – бұл біздің қонақтарымыз. Біз «LIFE IN»-ге келген әрбір адам бұл жерде сапалы қызмет алып, бізді өзінің туыстары мен жақындарына қуана ұсынуын қалаймыз», - дейді Ольга Сергеевна.
Оңалту-сауықтыру орталығына 10 күн және одан көп мерзімге жолдама сатып алуға болады. Барлық сауықтыру және оңалту бағдарламалары аурулар бойынша топтамаларға бөлінген: сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіндер, нерв жүйесі, тыныс ағзалары, омыртқа және тағы басқалар. Процедуралар ғана алуды қалайтындар үшін тұрақты тұрмай күндіз болу қарастырылған.
«LIFE IN» оңалту-сауықтыру орталығы өз қонақтарына сол сияқты әртүрлі бағыттағы сауықтыру бағдарламаларын ұсынады. Олардың барлығы пациенттің денсаулығына қамқорлық пен нәтижеге жету үшін құрастырылған. Осындай бір бағдарламаның ұзақтығы – 4 сағаттан бастап одан көбірек, клиенттің тілектеріне байланысты. Сауықтыру топтамалары алуан түрлі: «Анти стресс», «Сұлулық пен денсаулық», «Детокс SPA», «Еркін дем ал», «Жеңіл қимыл», «Сау бала», «Спортсмендер үшін». Әбір топтаманың құрамына қонақтың сауығуы мен демалуына бағытталған қызметтер кешені кіреді.
Оңалту бағытында инновациялық жабдық пен үйретілген персоналға ерекше көңіл бөледі. Мысал үшін, «LIFE IN» оңалту-сауықтыру орталығында қарағанды облысындағы жалғыз тиімді қозғалыс терапия жабдығы - LOKOSTATION бар. Қондырғы аурудың немесе жарақаттың салдарынан жүру мүмкіншілігінің бұзылған немесе шектелген мүмкіншіліктерін қалпына келтіру қолданылады. Жүру мүмкіншілігін қалпына келтіру инсульт алған, бас және арқа миына жарақат алған пациенттер үшін ең басты басымдылық болып табылады.
«LOKOSTATION-дағы» үнемі және қатарынан жүргізілген жаттығулар жүру мүмкіншілігін қалпына келтіруге үлкен мүмкіндік береді.
Одан басқа, ОСО-да қозғалыс дисфункциясы бар ауруларды емдеу және оңалту үшін тірек жүктемесінің имитаторы («КОРВИТ» моделі), ірі және ұсақ моториканның бұзылуын қалпына келтіруге арналған Pablo аппараты, Tutor қозғалыс бұзушылықтары бар неврологиялық ауруларды оңалту жүйесі, қозғалыс дисфункциясы бар ауруларды емдеуге арналған «Регент» емдік костюмі және де басқа да көптеген құрылғылар бар.
Сол сияқты «LIFE IN-де» жоғары санатты мамандарға массаждың барлықтүрлеріне, емдік дене шынықтыруға, физиотерапияға, спа-капсулалардағы процедураға, криосауналарға, балқарағай бөшкелеріне және тұз шахталарына жазылуға болады.
Instagramда жазылыңыздар: @lifein_karaganda
Телефон: 8(7212) 92-22-33