«Гиппократ» диагностикалық орталығы: дұрыс қойылған диагноздан бастап тиімді емдеуге дейін
Сұрақ қою
Бізге жазу
Пікір қалдыру
Тапсырыс беру
Қабылдауға жазылу
Фактілердің бетіне тура қарайық: ауру кезінде біз ерекше осал боламыз. Сондықтан әсіресе осы кезеңде біз ерекше қамқорлық пен назар аударуды қажет етеміз, яғни, қаралатын емхананы да біз осы принциптер бойынша іздейміз.
Сіз оның табалдырығын аттаған соң сізді қамқорлыққа алатын орын - «Гиппократ» Диагностикалық орталығына қош келдіңіз. Қабылдау жазылу бойынша тағайындалған уақытта, электрондық кезек жүйесі мен сізді қарсы алып, не керектің бәрін түсіндіретін координатор. Бұл жерде терапевт, педиатр, невропатолог, нефролог, гинеколог, гематолог, кардиолог, дерматолог, пульмонолог, эндокринолог, ревматолог, онкомаммолог, үлкендер және балалар гастроэнтерологы, уролог-андролог, үлкендер және балалар аллерголог-иммунолог, тіптен косметолог. Алайда бұл әлі толық емес. Диагнозды дұрыс қою мен емдеу зерттеулерден басталатындықтан, «Гиппократ» диагностикалық орталығында бұл үшін бәрі бар. Білікті мамандар, ең жаңа жабдықтар және әрбір пациентке жол табу – бұл осы орталықтың басты принциптері. Айтпақшы, осы жерде сіз компьютерлік томографияға, УДЗ-дің барлық түрлеріне, зертханалық зерттеулерге, ренгенографияға, электрокардиографияға (ЭКГ), эхокардиоскопияға (ЭхоКС0), УДД, ЭКГ холтер мониторингіне, эндоскопия кабинетінің қызметтеріне және ағзаны толық зерттеудің сек-ап бағдарламасына жазылуыңызға болады.
Ал, егер сізге талдаулар тапсыру қажет, ал таңертең ешқандай уақытыңыз болмаса, онда жақсы жаңалық – «Гиппократ» зертханасы талдауларды жаңа кесте бойынша қабылдайды: жұмыс күндері 8:00-ден 16:00-ге дейін, ал сенбі және жексенбі күндері 8:00-ден 13:00-ге дейін.
Диагностикалық орталық демалыс күндерісіз және мейрам күндері жұмыс істейді. Сіз бұған өзіңіз көз жеткізе аласыз, ол үшін біздің жұмыс кестесіне қараңыз:
- дүйсенбі – жұма 8:00 - 20:00
- сенбі 8:00 - 15:00
- жексенбі 8:30 – 13:00
Енді сіз қайда бару керек екенін білесіз!
Сізді Ерубаев көш.,8 үй мекен-жайы бойынша күтеміз.
Қабылдау мен зерттеулерге жазылу: 8(7212) 92-20-02, немесе WhatsApp: 8(777) 052-26-78.